Қамбаш ауылдық кітапханада Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Орбұлақ шайқасы еліміздің тарих жолын өзгерткен күн» атты тарихи таным сағаты өткізілді. Мақсаты: Ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050», «Мәңгілік Ел» Стратегиясын іске асыру, қазақ тарихы мен салт-дәстүрін еске түсіру арқылы өскелең ұрпақтың бойында патриоттық рухын көтеру, азаматтардың рухани және адамгершілік құндылықтарын нығайту арқылы, ұлттық сананы қалыптастыру. Іс-шараға қатысқандар саны: 25
Орбұлақ шайқасы – ғасырлар куәсі
Сексеуіл қыстақтық кітапханасының ұйымдастыруымен № 177 мектепте «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Орбұлақ шайқасы – ғасырлар куәсі» тақырыбында тарихи - танымдық кеш өтті. Мақсат: Орбұлақ шайқасының тарихи маңыздылығын дәріптеу. Пікір алмасып, қазақтың жадындажаңғырту.
Орбұлақ шайқасының тарихта орны бар
Орталық балалар кітапханасында 12 сәуір күні «Орбұлақ шайқасының тарихта орны бар» атты тарихи сағат болып өтті. Шара мақсаты: Тарихтан сыр шерте отырып жастарға рухани тәрбие беру, білімдерін тереңдету, жас ұрпақтың бойына патриоттық сезім қалыптастыру. Шараға 15 оқырман қатысты.
Орбұлақта оянған рух
Қалалық балалар кітапханасының ұйымдастыруымен Арал көпсалалы колледжінде топырағына тарих тұнған өнегелі өлке Жаркент өңірінде орын алған Орбұлақ шайқасы жеңісінің 375 жылдығына арналып «Орбұлақта оянған рух» атты тарихи – таным кеші өткізілді. Атаулы шара ұлт көшбасшысы Н.Назарбаевтың «Қазақстан – 2050», «Мәңгілік Ел» Стратегиясын іске асыру, тарихи оқиғалардың бірі - Орбұлақ шайқасы туралы түсінік беру, патриотизмге тәрбиелеу, туған жердің тарихын ұғындыру арқылы ұлттық сананы қалыптастыру мақсатына негізделді.
Шараға АИТК студенттері,барлығы 32 оқырман қатысты.
Подробнее...
Орбұлақ шайқасы еліміздің тарих жолын өзгерткен күн
Райым ауылдық кітапханасының ұйымдастыруымен №72 орта мектебінде Орбұлақ шайқасының 375 жылдығына орай «Орбұлақ шайқасы еліміздің тарих жолын өзгерткен күн» атты тарихи таным сағатын өткізілді. Мақсаты: Ұлт көшбасшысы Н. Назарбаевтың «Халық тарих ағымында», «Қазақстан – 2050», «Мәңгілік Ел» Стратегиясын іске асыру, қазақ тарихы мен салт-дәстүрін еске түсіру арқылы өскелең ұрпақтың патриоттық рухын көтеру, азаматтардың рухани және адамгершілік құндылықтарын нығайту арқылы, ұлттық сананы қалыптастыру. Сонымен қатар Орбұлақ шайқасының тарих беттерінен алатын орнын насихаттау.