Қалалық балалар кітапханада «Алғысымыз шексіз ризамын!» атты қарым – қатынас сағаты өткізілді. Мақсаты: 1 наурыз «Алғыс айту» күнінің мәнін ұғындыру. Оқырмандарды адамдық қасиеттің негізгі арқауы - адамгершілікке, өзара сыйластыққа тәрбиелеу. Үлкенді сыйлау, кішіге ізет көрсету, сыйласымды қарым -қатынас жасауға баулу. Балалар жанына көтеріңкі көңіл-күй сыйлау. Отанды сүюге, достық, ұлтжандылық, ұлтаралық қарым-қатынас мәдениетіне тәрбиелеу. Шараға 37 оқырман қатысты.
Алғысым шексіз, бәріңе
Орталық балалар кітапханасында «Алғысым шексіз, бәріңе!» атты көңіл-күй тренингі болып өтті. Шараға аудандық мешіт қызметкерлері, «Инабат» клубының мүшелері, тұрақты оқырмандар, барлығы 30 оқырман қатысты.
Шара барысында «Көңіл-күй», «Молекула» ойындары арқылы өмірдің өзі осындай атомдар сияқты қақтығыстардан, молекула сияқты қимыл қозғалыстан тұратыны, осындай қарбалас тартыс өмірден балаларды өз орнын табуға, сабырлылыққа шақырып, қандай жағдайда да өмірге күле қарап, мейірімді болуға шақырды.
Ана – шаттық, шаңырақтың шырағы
Абай атындагы орталык кітапханада «Ана – шаттық, шаңырақтың шырағы» атты фото көрме өткізілді. Мақсаты: Оқырмандардың Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, адамгершілікке, ізгілікке баулу. Шараға №220 мектептің жоғары сынып оқушылары және №2 санаториялық мектеп интернат оқушылары қатысты. Қатысқан оқырман - 30.
Қазақ тарихындағы әйелдер
Қалалық №4 кітапханада аттары аңызға айналған қазақ әйелдерін насихаттау барысында «Ұлы даланың дара тұлғалары» айдарымен келіп түскен «Қазақ тарихындағы әйелдер» атты кітабына талдау өткізілді. Кештің мақсаты: Қазақ тарихының әр кезеңінде ерлігімен, даналығымен, парасатымен өнеге бола білген қазақ әйелдерінің өмірімен таныстырып, аналарымыздың өнері мен мейірмандылығын, ел сүйіспеншілігіне бөленген аналарымызды үлгі ете отырып, батыр аруларымыз туралы кеңінен насихаттау.
Кітапханашы Дарменова: Аты аңызға айналған қазақ жерінде көптеген батыр, көреген, ақылды, көріпкел аналарымыз бары баршамызға мәлім.
Наурыз, Ұлыстың ұлы күні
Қалалық №3 кітапхананың ұйымдастыруымен «Наурыз, Ұлыстың ұлы күні» атты мерекелік шара ұйымдастырылды. Мақсаты: Көпшілік қауымды, оқырмандарды Наурыз мерекесімен құттықтап, оларға салт - дәстүрімізді, ұлттық ойындарымызды, ескінің көзі мәдени құнды әшекейлеріміздің жасалу тарихын насихаттау. Шараға №260 қазақ орта мектеп 8-сынып оқушылары, барлығы - 25 оқырман қатысты.
Шара барысында өлеңдер айтылып, би биленді. Қыдыр атаның құттықтауы, баланы бесікке бөлеу рәсімі, Жер Ана, Күн мен Түннің теңелуінен көрініс көрсетілді.