Аудандық орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындайтын, «Туған жер» бағдарламасы аясында оқырман қауымға тарихы терең, қойнауы кең өлкеміздің тарихын, өркендеген өңірдегі өрелі істерін таныстыра отырып, өз елінің патриоты болуға, отаншылдық сезімі мен еліне деген сүйіспеншілігін арттыру, өлкетану әдебиеттерін насихаттау мақсатында «Сүйем сені, Атамекен, туған ел!» атты поэтикалық тарихи-танымдық кеш өткізілді.
Шараға аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Т.Дәрменов, Аудандық жастар ресурстық орталығы қызметкерлері, АИТК, Арал көпсалалы колледжі мұғалімдері мен студенттері, мектеп оқушылары, оқушылар үйі қатысты. Қатысушылар саны - 50 адам.
Ақ алтыным - Аралтұз
Жақсықылыш қыстақтық кітапханасында «Туған жер» бағдарламасы аясында «Ақ алтыным - Аралтұз» атты таным сағаты болып өтті. Мақсаты: Оқырмандарды «Аралтұз» АҚ-ның өнеркәсібінің өркендеу жолдарымен таныстыра отырып, кәсіпкерлікке баулу.
Тақырыптық кешке №19 орта мектептің оқушылары мен жалпы оқырмандар, барлығы - 22 оқырман қатысты.
Шара барысында кітапханашы А. Дәрменова: Қазіргі таңда ел ырысын өз деңгейінде көтеріп отырған 90 жылдық тарихы бар «Аралтұз» акционерлік қоғамы жұмыс жасайтынын. Еліміздің Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану құқығын табыстау туралы комиссия шешіміне сәйкес "Аралтұз” акционерлік қоғамы
Жыр кітабы - Құлпытас
Сексеуіл ауылдық кітапханасында «Туған жер» бағдарламасын басшылыққа ала отырып, кітапхана жанынан ұйымдастырылған «Тарихыңды танып, тұлғаңды құрметте» жобасы аясында Қазақ поэзиясындағы ірі тұлғалардың бірі, көрнекті ақын Ж.Әбдірашевтың кітапқа еңген жаңа өлеңдеріне көңіл бөле отырып, ақынның өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Құлпытас» кітабына кітапқа талдау өткізілді. Шараға 17 оқырман қатысты.
Сырға толы сырлы ақын
Орталық балалар кітапханасында Қазақ поэзиясында өзіндік ақындық әлемімен ерекшеленген, кең тынысты, ерекше дарын иесі, жергілікті ақын Ж.Әбдірашевтің туғанына 70 жыл толуына орай, ақынның жүрекжарды жырларын, нысанаға дөп тиетін әзілдерінен сыр шертетін шығармаларын насихаттау, поэзияға қызығушылығын арттыру мақсатында «Сырға толы сырлы ақын» атты поэзия кеші болып өтті.
Шараға №13, №14 мектеп оқушылары, барлығы - 25 оқырман қатысты.
Жырларым жанарыммен қатар сөнбе
Абай атындағы орталық кітапханада «Жырларым жанарыммен қатар сөнбе» атты поэзия кеші өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға ақынның өмірі мен шығармашылығын таныстыра отырып, өмірді өзінің көркем суретімен көріктендіре білген қазақ поэзиясының жарық жұлдыздарының бірі туған елдің тәуелсіздігі, өмір,махаббат жайлы толғаныстарымен нысанаға дөп тиетін әзілдерінен сыр шертетін шығармаларын насихаттау.
Шара №220 орта мектеп және №2 мектеп-интернат оқушыларымен өткізілді. Қатысқан оқырман саны – 33.