Ұлтын ардақтаған ұлтжанды тұлға

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 237

ultyn ardaktagan ultzhandy tulgaҚызылжар ауылдық кітапханасында «Ұлтын ардақтаған ұлтжанды тұлға» атты тарихи танымдық кеш өткізілді. Мақсаты: Мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Жұргеновтің туғанына 120 жыл толуына байланысты, қайраткердің өмірі және шығармашылығымен таныстыра отырып, жас оқырмандарды ұлтжандылыққа, елін жерін сүюге тарихын білуге насихаттау.
Шара барысында кітапханашы Аймбетова М: Сыр Елінің мақтанышы қоғам қайраткері, Қызылорда облысы Жалағаш ауданының Жаңаталап ауылында 1898 жылы дүниеге келген. Тұрмағамбет Ізтілеуов ұстаздық еткен ауыл мектебінде сауат ашып, кейін Аламесектегі орыс-қазақ мектебінде, Перовскідегі (қазіргі Қызылорда) Суханский атындағы училищеде бастауыш білім алған.

Оқып жүріп қоғамдық өмірге белсене араласады, студент жастардың әлеуметтік қозғалыстарына қатысады. Қайраткердің өмір жолы осылай басталғанын айта келіп, кеңінен мағлұлмат берді.
Шара соңында «Ұлылықтың үлгісі» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.

ultyn ardaktagan ultzhandy tulga1

ultyn ardaktagan ultzhandy tulga2