abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Конституция күні
100 жаңа есім
Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Аудандық кітапхананың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған шаралары

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Шыншыл да, сыншыл қаламгер

shynshyl da synshyl kalamger 1Арал ауданында Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, «Еңбек ардагері» медалінің иегері Шәкірат Дәрмағамбетовтың 90 жасқа толған мерейтойына орай шығармашылық кеші болып өтті. Теңіздей тулап, дариядай тасып, қиял құсының қасиетті қанатын қолға алып, оны көңіл дәуіріндегі сезім сиясына малып, жүрек жылуымен, қан қызуымен жазатын журналист Шәкірат Дәрмағанбетовтың өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында Орталық кітапхана «Шыншыл да, сыншыл қаламгер» атты кең көлемді кітап көрмесін ұйымдастырды.

«Өрнекті өмір өткелі» бөлімінде қаламгердің бала кезінен бастап, шығармашылық өсу жолдары туралы сыр шертетін материалдар ұсынылған.
Шәкірат Дәрмағамбетұлы 1928 жылдың 1 шілдесінде Қызылорда қаласы, Арал ауданы, Терістүбек ауылында дүниеге келген. Елдің негізгі кәсібі - балық аулау, Екінші сыныпта жүріп-ақ құс атуды үйренет. Жеті жылдықтан соң бастауыш мектепке кадрлар жетіспегендіктен бастауыш сыныпқа сабақ берді. Арал, Қазалы, Шөміш, Қаратерең мектептерінде директорлық қызмет атқарды. Арал ауданында «Социалистік Қазақстан», Қазалы ауданында «Ленин туы» газеттерінде бөлім меңгерушісі. Арал, Қазалы ауданында меншікті тілші болып қызмет атқарды. 1991 жылдың 1 маусымда зейнетерлік демалысқа шықты.
Шәкірат Дәрмағамбетұлы Аралдың тірі тарихы, шежіресі мен жаңғырығы, бекзат болмысты текті тұлға. Әлі күнге қаламымен халқына қызмет етіп ертеңі мен бүгінінің алтын көпірі іспеттес мақалаларын оқырмандар қызыға оқитын материалдар қойылған «Аралдың ақиық қаламгері» бөлімі оқырмандар көңілінен шықты.
«Аралда өзі туса да Алты алашқа белгілі» бөлімінде Шәкірат Дәрмағамбетовтың көп жылғы еңбегі үшін «Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері» құрмет атағымен, Қазақстан Республикасының Құрмет Грамотасымен, ондаған мемлекеттік медальдар мен «Арал ауданының құрметті азаматы» атағы берілгені туралы марапаттары мен фотосуреттер қойылды.

shynshyl da synshyl kalamger 2

shynshyl da synshyl kalamger 3

shynshyl da synshyl kalamger 5

shynshyl da synshyl kalamger 7

shynshyl da synshyl kalamger 8

Пікіріңізді қалдырыңыз


Защитный код
Жаңарту

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін184
Кеше205
Осы аптада184
Осы айда5555
Барлығы99195

Қазіргі оқырмандар саны

3
Онлайн