abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Конституция күні
100 жаңа есім
Рухани жаңғыру

Рухани жаңғыру

Аудандық кітапхананың «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарған шаралары

Құрметті сайт қонақтары!

"Арал аудандық орталықтандырылған кітапханалар жүйесі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ресми сайтына қош келдіңіздер!
Сіздердің біздің сайтымыздан кітапханаларымыз жайлы өзіңізге қажетті ақпарат алуға және әр түрлі электронды қызметтерді пайдалануға мүмкіндіктеріңіз бар. Сонымен қатар кітапханашыға сұрақ бөлімінен сауалдар қойып, ұсыныс-пікірлеріңізді қалдыруларыңызға болады.

sd sd

Дара жол - Мұрат Сыдықұлы

Арал аудандық Орталық кітапханада Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласының «Туған жер» бағдарламасы аясында, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қ.Р Мәдениет қайраткері, Қазақстан Композиторлар Одағының мүшесі, Арал ауданының құрметті азаматы, күйші-композитор, ақын-жырау Мұрат Сыдықұлының халқымыздың рухани байлығына қосқан үлкен еңбектері «Жырлайды Арал перзенті», «Жыр мәйегі-мақам», "Домбыра жүрек жырлайды", «Арал толқындары» атты ғылыми құнды еңбектерін насихаттап, оқырман назарына ұсыну мақсатында «Жырлайды Арал перзенті» атты шығармашылығына арналған дара жол кеші болып өтті.

Кештің қадірлі қонақтары аудан әкімі Оразбаев Мұхтар Әуесұлы және Қазақстан журналистер одағының мүшесі, Арал ауданының құрметті азаматы Әнес Әуезов, «Халықаралық «қазақ тілі» қоғамы, Қоғамдық бірлестігі» Арал аудандық филиалының төреағасы Жұмабай Жақып, Тілші Жаңабай Кемал, Мәдениет саласының зейнеткері Ж.Төребеков сынды белгілі азаматтар М.Сыдықовтың өнері мен шығармашылығы жайында өз ой пікірлерімен бөлісті. Мұрат Сыдықовтың жұбайы Базар Қостаева отбасындағы Мұрат пен өнердегі Мұраттың қызықты сәттерімен бөлісіп, келешек ұрпаққа ақ батасын берді. Сондай-ақ шәкірттері - Айна Тұяқова, Самал Сейітова, Қуаныш Нұрмахановтар композитордың төл шығармаларын орындап, көрермен ықыласына бөленді.

Кітапхана мұражайына қазақтың киелі өнерінің барлық саласының бағын жандырған, халқының сусынын қандырған облыс, республикаға танымал ауданның өнерпаз әулеті Сыдықовтар жанұялық ансамблінің жетекшісі М.Сыдықовтың шығармашылығына арналған «Жауһарлы жеті өнердің иесі» атты бұрыш ұйымдастырылып, оған ақын композитордың құнды,маңызды деректері, және оқырман үшін жасалған фото альбом, жадынама, әдеби баспалар қойылды.

Шара барысында «Теңізбен терең тілдескен, Сұлу Сырмен үндескен» атты кең көлемді, мазмұнды кітап көрмесі оқырман назарына ұсынылып, ондағы қойылған Сыдықтовтың «Жырлайды Арал перзенті», «Жыр мәйегі-мақам», "Домбыра жүрек жырлайды", «Арал толқындары» атты кітабы, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан рухани мол мұрасы яғни баспасөз беттеріне шыққан мақалалары, ұзақ жылғы қазақ халқының өнері мен мәдениетін көтеруге атсалысқаны үшін жетістіктеріне алған алғыс хаттары мен грамоталары, белгілі өнер азаматтарымен түскен фотосуреттері орналастырылып кеңінен насихатталды.

Шара соңында ақын-жырау,күйші-композитор, Арал ауданының құрметті азаматы М.Сыдықов өз қолтаңбасы қойылған кітаптарын кітапхана қорына сыйға тартты.

Пікірлер  

0 #1 vansafvog 17.09.2020 01:31
free casino world class casino slots online casino world class casino slots http://onlinecasinouse.com/#
Цитировать

Пікіріңізді қалдырыңыз


Защитный код
Жаңарту

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін185
Кеше205
Осы аптада185
Осы айда5556
Барлығы99196

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн