Бір ел-бір кітап акциясы

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 340

  Орталық кітапханада «Бір ел-бір кітап» акциясына байланысты «Қазақты тарихымен  қауыштырған қаламгерлер» атты кең көлемді,мазмұнды кітап көрмесі ұйымдастырылды.Биылғы жылы жалпыхалықтық оқуға жазушы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдері таңдалды. Аталған авторлардың шығармашылық мұрасы қазақ әдебиетінің қазынасына қосқан баға жетпес үлесі болып табылады.Себебі, бүгінгі таңда жас ұрпақтың адамгершілік қасиеттерін дамыту, оларды отандық мәдениетке және ең алдымен әдебиет құндылықтарына тарту өте маңызды мәселе.Кітап көрмесінің мақсаты: Жастарды патриоттыққа және адамгершілікке тәрбиелеуге, ана тілге мұқият қарауға, оқу мәдениетін қолдау және дамыту мен сауаттылық бағдарламасын арттыруға, рухани мұраны сақтауға және оқуға, отандық әдебиетке деген жастардың қызығушылығын арттыру.Ұлттық әдебиетіміздің ең үздік туындыларын насихаттау.Кітап көрмесіне осы заманғы қазақ поэзиясының аса көрнекті шебері, ірі драматург және белгілі әдебиет зерттеушісі,филология ғылымдарының докторы,профессор,қоғам қайраткері , Қазақстанның халық жазушысы Ә.Тәжібаевтың қаламынан туындаған шығармалары мен өмірбаяны, ол туралы сын мақалалары мен көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, сарабдал саясаткер, қарымды да толымды Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбаевтың өмірі мен шығармашылығынан сыр шертетін кітаптары мен сын мақалалары,фотолары қойылды.

Құрметті оқырман ! 2019 жылдың ең үздік туындыларын оқуға шақырамыз!


Korme1

Korme2