«Бар ғұмырын мәдениетке арнаған жан»

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 231

Абай атындағы орталық кітапханада шежірелі Арал жерінің тың тарихын тереңнен зерделеп,өңірдің өнері мен мәдениетінің дамуына,қалыптасуына, ұлттық руханияттың өсуіне үлкен үн қосып кеткен асылдарымыздың бірегейі, отыз бес жыл ғұмырын мәдениет саласын өркендетуге арнаған өнердің кеншісі атанған, мәдениет майталманы, ҚР еңбегі сіңген мәдениет қызметкері Құдайберген Жасекеновтің туғанына 95 жыл толуына орай , өмірі мен шығармашылығын насихаттау мақсатында «Бар ғұмырын мәдениетке арнаған жан» атты еске алу кеші болып өтті.

Жастардың жігерлі жетекшісі комсомолдық жұмыстан бастап, аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1960-1986 жылдары аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі,1986-1995 жылдарда аудандық өлкетану мұражайына жетекшілік еткен еңбек ардагерінің мәдениет саласын өркендетуге қосқан үлесін, халықтық өнерді дамытуға сіңірген еңбегі, жас таланттарды тәрбиелеуде көп күш-жігер танытқаны, 1967 жылы аудандық Қазанғап атындағы домбыра оркестріне «халықтық» атты иемденуі үшін қосқан үлесі, Арал өңірінде әр кезеңде өмір сүрген зиялы ата-бабалардың ақындық, жыршылық ,сазгерлік асыл мұраларын жинастырып өмірге әкелуі, Нұртуған шайыр атындағы жыршы-термешілердің мектебін, аудандық тарихи-өлкетану мұражайын ұйымдастырып киелі өлке тарихына қаншама зор үлес қосқанын замандастары,бүгінгі мәдениет майталмандары: М.Сыдықов, Ж.Төребеков,Б.Қостаева, Р.Сатаева, Б.Садуақасовалар мұражайдағы әрбір жәдігер өткен мен бүгінгіні айшықтап, ерекше сәттерден сыр шертіп тұрғаны туралы әңгімелеп берді.Zhasekenov1

Zhasekenov2

Zhasekenov3

Zhasekenov4