Фариза Оңғарсынова

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 467

Фариза        Фариза Оңғарсынова- тұнық жырдың қайнарындай, ар-намыстың қайрағындай болған шығармашылығымен миллиондардың жүрегін жаулаған ақын
Қалалық №4 кітапханада ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына 80 жыл толуына орай «Қанатты жырдың қарлығашы» атты поэзия сағаты ұйымдастырылды.Шараның мақсаты: Тума талантты, ардақты да, шабытты ақын Фариза Оңғарсынованың өмірі мен шығармашылығын насихаттай отырып, жастардың поэзияға деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Қазақ даласын өзінің құнарлы жырымен сусындатқан қазақтың ақын қызы Фариза туған елін өз жырларына қосып, әр қазақтың жүрегіне салмақты ой сала білген, қайталанбас дарын иесі.
Кеш барысында оқушылар ақынның өлеңдерін оқып,әндерін орындады.Сондай ақ ,ақын шығармашылығынан сыр шертетін «Мақтанышы ,ұлтымның Фаризасы» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды..