Әлем таныған ұлы Абай

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 290

КормеАшылуы           Абай-ұлы ақын, дана ойшыл, қазақтың жаңа тарихи дәуірдегі реалистік жазба әдебиетінің атасы. Ол қазақ поэзиясының, халық даналығының барша жақсы тәжірибесін бойына сіңіре отырып, ұлттық поэзияны, өнерді, қоғамдық ойды байытты, жаңа сапалы биікке алып шықты.
Аудандық мәдениет үйінде Қазақ халқының ұлы ақыны, қара сөздің хас шебері, қазақ әдебиетінің іргетасын қалаған, алғашқы классигі Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына орай Аудандық орталық кітапхананың ұйымдастыруымен "Әлем таныған ұлы Абай"атты кең көлемді кітап көрмесінің ашылу салтанаты өтті. Абайдың өмір жолы мен шығармалары, дүниетанымы мен баға жетпес мұрасымен таныстыратын көрме 5 бөлімнен тұрады. "Адамзаттың шамшырағы", "Өлең сөздің патшасы", "Әнді сүйсең менше сүй..." , "Қара сөз, дана сөз", "Алашты әлемге паш еткен Абай жолы".
Абайдың мұраларын ұлықтауға арналған көрменің ашылуына аудан әкімі М.Оразбаев, Аралдың құрметті азаматтары және көпшілік қауым қатысып, кітап көрмесімен танысты.