«Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасы

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 170

Дастур«Дәстүр мен ғұрып»

арнайы жобасы

Жобаның мақсаты көнеріп, қолданыс аясы тарылған дәстүр мен ғұрыптан бас тартып, ұмыт болғанын жаңғыртып, тәрбиелік және адамгершілік құндылығы жоғары салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарды заманға сай түрлендіру. Және, қазақтың ұлттық асханасының ерекшелігі мен құндылықтарын кеңінен дәріптеу.

Өзектілігі. 

Ұлттық бірегейлікті сақтауда қанымызға сіңіп, тұрмысымызға айналған салт-дәстүрдің маңызы жоғары. Рухани құндылықтардың ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, сабақтасуы мәңгілік ел болудың негізгі өзегі. Сондықтан, ұлттық бірегейлікті сақтау жолында дәстүр мен ғұрпымызды, ұлттық асханамыз бен тағамдарымызды жүйелі жаңғырту керек.

Әсіресе, ақпарат пен сан түрлі мәдениет тоғысқан жаһандану заманында ұлттық код пен рухты бекем ұстайтын салт-дәстүр мен әдет ғұрып. Осы ретте, «Дәстүр мен ғұрып» арнайы жобасын енгізіп, рухани мұрамызды түгендеп, жаңғыртып, озығын саралаудың өзектілігі жоғары.

Қазақ салт-дәстүр, әдет ғұрыпқа, ұлттық ас мәзіріне бай халық және әрбір ұлттық дәстүрдің тәрбиелік мәні мен маңызы терең. Ұлтымыздың салт-дәстүрлері ұрпақты өнеге мен білімге, елжандылыққа, ізгілікке, бауырмалдық пен өнегеге шақыруымен құнды.

Сондықтан, арнайы жоба аясында қазақ халқының дәстүрлері мен әдет- ғұрыптарын кеңінен дәріптеп, ұмыт болғанын жаңғыртып, заман көшіне сай ұлықтап, өскелең ұрпақты сол арқылы тәрбиелеу жолға қойылу керек. Сондай-ақ, ұлттық тағамдарымыздың құндылығын арттырудың да өзектілігі жоғары.