Жақсықылыш кент кітапханасы "Туған өлкем-қандай көркем" жобасы аясында "Аралтұз" акционерлік қоғамының еңбек ардагері Тоқпан Сейітовтың өмірі мен еңбек жолын насихаттау мақсатында " Өндірісті өркендеткен ер еді" атты таным сағатын өткізді. Тоқпан Сейітов –Жақсықылыштың тұрғыны,кітапхананың тұрақты оқырманы ,өндірісті өркендетуге үлкен үлес қосқан еңбек ардагері.1957 жылдан бастап «Аралтұз»комбинатында зейнетке шыққанша еңбек еткен.Комбинатта тұз қазу цехының механикі болып жүріп,мекеме басшыларымен бірігіп ғылыми жобаларды жүзеге асырып, өз еңбегін Украйинаның Артемский қаласындағы тұз шаруасы жөніндегі ғылыми зерттеу институтының ғалымдарына ұсынып,жаңа тұз қазу комбайн жасауға келісім алған.Т.Сейітов ұсынған ғылыми жобаны институт қызметкерлері әрі қарай дамытып 1978 жылдары жаңа комбайн жасап шығарған.1978 жылы сынақтан өткізілген жаңа комбайн сағатына 350 тонна тұз қазатын жетістікке жеткен.Сол комбайнның арқасында тұз қазу нормасы артығымен орындалып,комбинат көп жетістікке жеткен.Осындай еңбегі еленіп,Еңбек ардагері төсбелгісімен марапатталған.Дәмелі апаймен бірге 12 бала өсіріп,өскен,өнген отбасы бола білді.