«Ерікті болу – ерлік»

Категория: Іс-шаралар Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 616

Ерикти2020 жыл – Еріктілер жылы.Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Еріктілердің ар-ожданы таза емес және арам ойлы адамдар бола алмайтынына терең сенімдімін. Волонтерлер – нағыз патриот, олардың елді жақсарту ниетін құрметтеймін. Белсенді өмірлік ұстаным, армандарды жүзеге асыруға ұмтылу, үлкен жеке жеңіске, жеке табысқа жол ашады деп санаймын», – деп айтып өткен болатын.Сонымен қатар  өз жолдауында азаматтық қоғамды нығайтуда еріктілердің орны ерекше екенін атап өтті. «Еріктілер жұмысы – бұл басқа адамдардың игілігі үшін саналы, ерікті және ақысыз қызмет ету. «Еріктілік қазір жаңа ұғым ретінде қалыптасқанмен, бұл нәрсе қазақ қоғамында ертеден болған.

Әлсізге қол ұшын созу, жасы үлкен адамға көмектесу, жетім мен жесірді жылатпау – қазақ қоғамының ажырамас бөлігі.Осыған орай Қалалық №3 кітапхана Орталық кітапхананың "Коворкинг" білім орталығында Арал жастарының қоғамға араласуы, олардың тыныс тіршілігімен танысып,насихаттау мақсатында "Ерікті болу - ерлік" тақырыбында еріктілермен кездесу кешін өткізді. Кездесу барысында  жастар «Еріктіле жылы» аясында  атқарылған жұмыстар мен алға  қойған мақсаттары  жөнінде ой бөлісіп,еріктілер жұмысының  алдағы уақытта  жалғасын табатынын айтып өтті.