abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Асыл сөздің абызы

16 маусым күні Қалалық №1 кітапханада «Бір ел-бір кітап» акциясы аясында Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» шығармасын бойынша «Асыл сөздің абызы» атты таным сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға «Ұшқан ұя» шығармасын жан-жақты талдата отырып, түйінді ой айта білуге, өзіндік пікір қалыптастыруға, жазушы шығармалары арқылы адамгершілікке тәрбиелеу. Іс-шараға қатысқандар саны:35
Шараны жүргізуші кітапханашы А.Мергенбаева: Бауыржан Момышұлын әдебиеттің биік тұғырына көтерген шығармасы «Ұшқан ұя» кітабы. Бұл кітабы үшін ол Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығына ие болған.

Подробнее...

Ұлы даланың дара тұлғалары

«Бір ел–бір кітап» акциясы аясында Сексеуіл қыстақтық кітапханасының ұйымдастыруымен №231 мектепте «Ұлы даланың дара тұлғалары» атты библиографиялық шолу өткізілді. Шараға №231 мектеп жоғары сынып оқушылары, барлығы 26 оқырман қатысты.
Кітапханашы А. Білжанова: Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы және ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келгенін.

Подробнее...

Көркем ойдың кемеңгерлері

Абай атындағы орталық кітапханада 26 наурыз күні «Бір ел – бір кітап» акциясы аясында таңдалып алынған Немат Келімбетовтің «Үміт үзгім келмейді», Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя», Шәкәрім Құдайбердіұлының «Үш анық» шығармаларын насихаттау барысында жазушылардың өмірі мен шығармашылығынан, олар туралы жазылған баспасөз мақалаларынан ұйымдастырылған «Көркем ойдың кемеңгерлері» атты көрме жанында әңгіме өткізілді.

Подробнее...

Үш анық

5 сәуір күні Сексеуіл кенті кітапханасында Құдайбердіұлы Ш. «Үш анық» кітабы бойынша Философиялық дәріс өтті. Қатысқандар 24 оқырман.
Шара барысында Шәкәрімнің қырықтан асқан соң отыз жылдай «Үш анықты» жазуға көптеген ізденістер жасап, өмірінің соңында «отыз жылдай жиғаным» деп осы «Үш анық» философиялық трактатын жазып бітіргені туралы мағлұмат беріліп, Сәбитқызы Алия Шәкәрімнің трактатындағы екінші анығы «Жан» туралы басты мәселесінен үзінді оқыды.

Подробнее...

Ұшқан ұя

17 мамыр күні Сексеуіл ауылдық балалар кітапханасында «Бір ел- бір кітап» акциясы аясында Б.Момышұлының «Ұшқан ұя» атты кітабына талдау жасалды. Мақсаты: Әңгіменің мазмұны мен идеясын меңгерту. Шығармашылықпен жұмыс істеуге ықпал ету, ойлау шеберлігі мен сөйлеу мәдениетін дамыту. Адамгершілік, ізгілік қасиеттерін бала бойына ұялату. Б.Момышұлының ерліктерін әңгімелей отырып ерлікке, батылдыққа,отан сүйгіштікке баулу.

Подробнее...

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін195
Кеше213
Осы аптада195
Осы айда1558
Барлығы91388

Қазіргі оқырмандар саны

3
Онлайн