abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Бір ел – бір кітап акциясының тарихы

«Бір ел – бір кітап» акциясының  тарихы

Қазақстандық «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы АҚШ-та өте танымал болған «Бір кітап, бір Чикаго» және «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» деген кітапханалық жобаларына негізделген. Шартқа сәйкес бүкіл қала тұрғындары бір мезгілде бір шығарманы оқуға тиіс.
Бір кітапты жалпы қала болып оқу идеясы АҚШ-тың солтүстік-батысындағы ірі қала Вашингтон штатына қарасты – Сиэтл көпшілік кітапханасының кітап орталығы тарапынан ұсынылған. 1998 жылы «Егер Сиэтлдің бүкіл тұрғыны бір кітапты оқыса» тақырыбымен алғаш өткізілген акцияның мақсаты – Сиэтл халқының бірлігін нығайту және оларға оқуды насихаттау. Бұдан соң осыған ұқсас мәдени шаралар Чикаго, Буффало, Рочестер қалаларында да ұйымдастырылды.


«Бір кітап, бір Чикаго» (One book, one Chicago) бағдарламасы Чикаго жұртшылығына белсенді ықпал ету арқылы Чикаго көпшілік кітапханасында басталды. Оның негізгі мақсаты қаланың ересек тұрғындары мен жастарын бір кітапты бір уақытта оқуға және оны ұжым болып - отбасында, жұмыста жолдастары мен таныстары арасында, кітапханаларда, оқу мекемелерінде, кітап дүкендерінде, діни ұйымдарда, кафелерде және басқа да қоғамдық орындарда талқылауға ынталандыру болып табылады. Бұл - қаланың кенеттен кітапсүйерлер клубына тән өзгерістермен құбылатын күні.
2000 жылдың қазан айында Чикаго қаласында «Чикагода кітаптар апталығы: Оқуға құмар қала» тақырыбымен тұңғыш рет қалалық фестиваль өтті. Осы фестиваль аясында қоғамдық талқылаумен және авторлар баяндамаларымен бірге кітап тұсаукесерлері, сондай-ақ семинар, экскурсия секілді басқа да шаралар ұйымдастырылды. 7 апта бойы Чикагоның он мыңдаған халқына ауқымды іс жүргізіліп болған соң, Пулитцеров сыйлығына лайық деп танылған американ жазушысы Харпер Лидің (1926 ж.) «Убить пересмешника» (1960 ж.) атты романы талқылауға түсті. Кітап авторы бүкіл әлем мен осы замандық Чикаго үшін өзекті болған толеранттық және нәсілшілдік сияқты маңызды мәселелерді алға тартады.
Бүгінде «Бір ел – бір кітап» жобасының идеясы әлемдегі көптеген елдерге кең тараған (Испания, Латын Америкасы елдері және Корея т.б.). «Сто лет одиночества» романының авторы Габриэль Гарсиа Маркестің 80 жылдығына арнап Испанияда оқу марафоны өткен еді. Қалаушылар романды бірнеше күн бойы үздіксіз дауыстап оқыды. Осы марафонды Испания Үкіметі басшысының орынбасары Мария-Тереса Фернандес де ла Вега ашты. Бұдан дәл 40 жыл бұрын жарыққа шыққан романды 7 бетке сыйғызып айту үшін әрбір қатысушыға 15 минуттан уақыт бөлінді.
2003 жылы Кореяда бірлесе оқуға негізінен балалар кітабы таңдалды. Бұл жоба одан кейін «Бір кітапхана – бір кітап», «Бір ауыл – бір кітап» деген жобалар түрінде көрініс тапты.

Бір ел-бір кітап” акциясының тарихы

2019 жыл- Ә.Тәжібаевтың поэзиясы,Ә.Кекілбаевтың “Аңыздың
ақыры”романы
2018 жыл – Ш.Құдайбердіұлы шығармалары,Б.Момышұлының
“Ұшқан ұя”,Н.Келімбетовтың “Үміт үзгім келмейді”шығармалары
2017 жыл – С.Торайғыровтың шығармалары
2016 жыл – Д.Бабайтайұлының шығармалары
2015 жыл – І.Есенберлиннің “Көшпенділер” трилогиясы
2014 жыл – С.Мұратбеков “Жусан исі”және “Басында
Үшқараның...” шығармалары
2013 жыл – Ф.Оңғарсынова “Дауа” өлеңдер жинағы
2012 жыл – О.Бөкей шығармалары
2011 жыл – Ж.Аймауытов “Ақбілек”
2010 жыл – Ж.Молдағалиев “Мен қазақпын”
2009 жыл – М.Жұмабаев лирикасы
2008 жыл – М.Әуезов “Қилы заман” повесі
2007 жыл – А.Құнанбайұлы “Қара сөздер”

 

 

 

 

 

 

«Бір ел-бір кітап» акция

Қазақстанда республикалық «Бір ел – бір кітап» акциясы ҚР Мәдениет министрлігінің қолдауымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасы мен ҚР Кітапханашылар Ассоциациясы бастамасымен 2007 жылдан бастап өткізіліп келеді. Акцияның мақсаты – ұлттық әдебиетіміздегі ең үздік деген туындыны оқу және насихаттау, оқу ісін ілгерілету, рухани мұрамызды сақтау, сондай-ақ жастарды отаншылдыққа әрі өнегелілікке тәрбиелеу. Сонымен қатар, акция қоғамның отандық әдебиетке, оның ішінде классикаға, қазіргі әдебиет пен поэзияға деген қызығушылығын әрі қарай жоғарылатуына мүмкіндік туғызады.
«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясының қорытындысы бойынша 2019 жыл таңдауы Әбіш Кекілбаевтің «Аңыздың ақыры» романы мен ақын Әбділда Тәжібаевтің өлеңдері таңдап алынды.

 

Әбділда Тәжібаев
(1909-1998)

Әбділда Тәжібаев көрнекті ақын, драматург, әдебиет, театр зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Ақмешітте (қазіргі Қызылорда қаласында) дүниеге келген. Қызылорда қаласындағы жетім балалар интернатында тәрбиеленген. Одан кейін Шымкенттегі жеті жылдық мектепте оқыған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті), Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институты жанындағы жоғары әдеби курсты бітірген.
Еңбек жолын 1926-1928 жылдар аралығында «Еңбекші қазақ» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінде пошта тасушы, содан кейін корректор болып бастаған. 1927 жылы «Жұмысшының гудогі» атты тұңғыш өлеңі «Жұмысшы» газетінде басылады. Әрі қарай өлеңдері «Жұмысшы» және «Еңбекші қазақ» газеттерінде шығып тұрған. 1932-1934 жылдары Қарсақбайдағы «Қызыл кенші», «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш») газеттерінде редактордың орынбасары қызметтерін атқарған. Жиырма бес жастағы Ә.Тәжібаев 1934 жылы Қазақстан Жазушылар Одағының хатшылығына, ал 1939 жылы оның төрағалығына сайланған. 30-жылдары ақынның «Жаңа ырғақ», «Лирикалар» деп аталған тұңғыш жинақтары жарық көреді.
Ә.Тәжібаев халықтық аңыздар мен сюжеттер негізінде жазылған «Мерген», «Кілемшілер туралы ертегі», «Аққу» «Күй атасы», тағы басқа біршама поэмаларды дүниеге әкелген. 1945-1948 жылдары Қазақ ҚСР Ғылым академиясының Тіл және әдебиет институтының Жамбылтану бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.
1948-1958 жылдары шығармашылықпен айналысып, 1958-1960 жылдар аралығында «Қазақ әдебиеті» газетінің бас редакторы, 1960-1962 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының екінші хатшысы, 1962-1984 жылдары М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты театртану бөлімінің аға ғылыми қызметкері, бөлім меңгерушісі қызметтерін атқарған. 1963 жылы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты және Қазақ ҚСР Жоғарғы Кеңесі Төралқасының мүшесі болып сайланған. 1964 жылы ақынның «Жүректілер» атты пьесалар жинағы жарыққа шыққан. Бұл еңбекте «Майра», «Жалғыз ағаш орман емес», «Көңілдестер», «Қыз бен солдат», «Монологтар» сияқты драмалық туындылары, «Той боларда», «Дубай Шубаевич» тәрізді комедиялары жинақталған. Оның «Өмір мен поэзия» «қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы» атты монографиялық зерттеулері, көптеген сын мақалалары жарияланған.
Ол «Қазақ әдебиетінің тарихы» атты зерттеу еңбекті құрастыруға қатысып, соңғы басылымының редакциясын басқарған. «Жылдар, ойлар» атты еңбегінде Жамбыл, Нұрпейіс, Иса ақындар мен М.Әуезов, С.Мұқанов, А.Жұбанов, тағы басқа әдебиет және өнер қайраткерлері жайлы естеліктерін жариялады. «Жаданның хаттары», «Хаттар сөйлегенде», «Өмір мен ерлік» атты сын, эссе, прозалық кітаптарында әдебиет пен өнерге қатысты толымды пікірлер айтқан.
Ә.Тәжібаев жазушылығына қоса біраз жылдар М.О.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтында ғылыми-зерттеу жұмыстарымен шұғылданып, өмірінің соңғы жылдарын бірыңғай шығармашылыққа арнаған. Ә.Тәжібаевтің сценарийі бойынша (Н.Погодинмен бірге) «Жамбыл» кинофильмі түсірілген. А.Пушкин, Т.Шевченко, А.Островский, Г.Гейне, тағы басқа қаламгерлердің бірқатар шығармаларын қазақ тіліне тәржімалаған.
Ә.Тәжібаевтің көптеген шығармалары шетел тілдеріне аударылған. «Октябрь Революциясы», 2 мәрте Еңбек Қызыл Ту, Ленин, «Құрмет Белгісі» ордендерімен, бірнеше медальдармен марапатталған. Қызылорда қаласында көрнекті жазушылар Ә.Тәжібаев, З.Шүкіров, Қ.Мұхамеджановтарға ескерткіш орнатылған. Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы халық жазушысы, көрнекті ақын Әбділдә Тәжібаев есімімен аталады.
Əдебиеттер

Тəжібаев Ə. Үш томдық шығармалар жинағы /Ə.Тəжібаев.-Алматы: Ана тілі, 2009.
Т.: 1-Өлеңдер.-272 б.
Т.: 2- Өлеңдер.-272 б.
Т.: 3-Поэмалар мен дарамалар.-272 б.
Тəжібаев Ə. Бес томдық шығармалар жинағы /Ə.Тəжібаев.- Алматы: Жазушы, 1981.-
Т.:2- Өлеңдер,поэмалар.- 680 б.
Т.:3- Драмалар мен комедиялар.- 636 б.
Т.:4- Ғылыми еңбектер.-760 б.
Т.: 5- 720 б.
Тәжібаев Ә. Шығармалар жинағы. Бестомдық.-Астана: Фолиант,2007.-
Т.:1- Өлеңдер.-448 б.
Т.:2- Өлеңдер,поэмалар.-440 б.
Т.:3-Поэмалар.-432 б.
Т.:4- Драмалар.-448 б.
Т.: 5- Прозалық шығармалары.-456 б.
Тəжібаев Ə. Аралдар: өлеңдер / Ə.Тəжібаев.- Алматы: Жазушы, 2002.-
152 б.- (Мектеп кітапханасы)
Тəжібаев Ə. Аралдар: Өлеңдер мен дастандар / Ə.Тəжібаев - Алматы: Раритет,2005.- 264 б.- ("Алтын қор"кітапханасы Жыр жауһары)
Тəжібаев Ə. Есімдегілер: Естеліктер, эсселер / Ə.Тəжібаев.- Алматы: Жазушы, 1993.- 200 бет.
Тəжібаев Ə. Жаңа өрімдер: Поэмалар мен өлеңдер / Ə.Тəжібаев.- Алматы: Жалын, 1979.- 136 бет.
Тəжібаев Ə. Жартас: Өлеңдер мен драмалық поэмалар. – Алматы:Жазушы
1967. – 176 б.
Тəжібаев Ə. Жылдар, ойлар: Естеліктер мен толғаныстар. – Алматы: Жазушы, 1976. – 472 б.
Тəжібаев Ə. Көне қоңырау: Өлеңдер. – Алматы: Жазушы, 1973. – 243 б.
Тəжібаев Ə. Күзгі жапырақ: Өлеңдер мен поэмалар /Ə.Тəжібаев.- Алматы: Жазушы, 1988.- 264 бет.
Тəжібаев Ə. Қазақ драматургиясының дамуы мен қалыптасуы / Ə.Тəжібаев.- Алматы: Жазушы,1971.- 414 бет.
Тәжібаев Ә. Өлеңдер,поэмалар/Ә.Тәжібаев.-Алматы: Ан-Арыс,2010.-
304 б.
Тəжібаев Ə. Өмір жəне поэзия: Алматы:Қазмемкөркемəдеббас, 1960. –
485 б.
Тəжібаев Ə. Өмір мен ерлік: Өлеңдер мен поэмалар /Ə.Тəжібаев.- Алматы: Жалын, 1985.- 128.
Тəжібаев Ə.Таныс дауыстар: Өлеңдер мен поэмалар. – Алматы:Жазушы,
1984. – 384б.
Ол туралы

Абдрахманов С. Əбділда Тəжібаев //Абдрахманов С. Жиырмасыншы ғасыр жырлайды: Қазақ поэзиясының антологиясы. - Алматы: Раритет, 2007.- Т.1. – 327-328 б. - ("Алтын қор"кітапханасы)
Дəуітов С. Көңіл сазы: Əдеби мақалалар. – Алматы: Жазушы, 1989. –
176 б.
Егеубаев А. Поэзияға айналған адам! // Егеубаев А. Сөз жүйесі: Сын мақалалар мен портреттер. – Алматы, 1985. – 176-186 б.
Еңсегенов Т. Сырдан ұшқан сұңқар ақын //Таңдамалы топтама – 2009 (шілде-желтоқсан). – Қызылорда: Игілік,2009. – 247-256 б.
Ергөбек Қ. Сүлей ақын, сыршыл ақын // Ергөбек Қ. Арыстар мен ағыстар. – Астана: Таным, 2003. – 69-80 б.- (Отырар кітапханасы)
Жəмішев Ə. Биік тұғырда: Ə.Тəжібаев туралы // Жəмішев Ə. Кезең кестелері: Əдеби мақалалар, портреттер. – Алматы, 1984. – 127-143 б.
Кəрібаева Б. Өлең өлкесінде: Ə.Тəжібаев поэзиясы туралы // Кəрібаева Б. Талап деңгейі: Əдеби-сын мақалалар. – Алматы, 1984. – 77-85 б.
Кəрібозұлы Б. Сырда туған сұңқар ақын //Кəрібозұлы Б. Өркениетке өріс. – Қызылорда: Тұмар, 2001. – 8-12 б.
Кəрібозұлы Б. Сырда туған сұңқар ақын //Кəрібозұлы Б. Ыждағат. – Астана: Фолиант, 2008. – 200-205 б.
Кенжебаев Б. Қуатты ойдан бас құрап: Ə.Тəжібаевтың зерттеу монографияларына талдау // Кенжебаев Б. Жылдар жемісі: Əдеби мақалалар мен естеліктер. – Алматы, 1984. – 52-58 б.
Қирабаев С.Ақын жəне уақыт // Қирабаев С. Талантқа құрмет: Мақалалар, зерттеулер,портреттер. – Алматы, 1988. – 90-114 б.
Қирабаев С. Əбділда ақын: Əбділда Тəжібаевтың шығармашылғы туралы / С.Қирабаев // Қирабаев С.Əдебиетті қайта оқу.- Алматы, 2010.- 155 -168 б.
Қирабаев С. Ойлы да сыршыл қаламгер: Ə.Тəжібаевтың шығармашылығы жайлы // Тəжібаев Ə.Өлеңдер, поэмалар.- Алматы, 2010.- 290-295 б.
Мəуленов С. Бəйтерек: Ə.Тəжібаев туралы // Мəуленов С.Телтолқын: Əдеби жазбалар, эсселер, портреттер, естеліктер. – Алматы: Жалын, 1989. – 145-161 б.
Мəшһүр-Жүсіпов Қ. Əбділда Тəжібаев //Мəшһүр-Жүсіпов Қ.Өлең – сөздің патшасы: Зерттеулер. – Алматы, 1991. – 106-115 б.
Нарымбетов Ə. Темірқазық: Ə.Тəжібаевқа арналған өлең //Нарымбетов Ə.,Бақтиярова Г., Төлеутайұлы С. Шығармалары. – Астана: Фолиант, 2009. – 166-167 б. – (Сырдария кітапханасы)
Негимов С. Əбділда Тəжібаевтың ақындық мəдениеті //Негимов С. Таным мен пайым. – Алматы, 2009. – 174-180 б.
Оңғарсынова Ф. Əбділда Тəжібаев туралы ойлар: Эссе //Оңғарсынова Ф. Шашы ағарған қыз: Мақала,эссе, повестер. – Алматы: Жазушы, 1990. – 240-250 б.
Рахымбекұлы Ə. Əбділда Тəжібаевқа: Өлең //Рахымбекұлы Ə. Ғұмырдария: Жыр кітабы. – Астана:Фолиант, 2008. – 382-383 б. – (Сырдария кітапханасы)
Тəжібаев Əбділда. Өмірбаяны // Қазақстан Ұлттық энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясының» Бас редакциясы, 2006. -8 том. – 293-294 бетте.
Тəжібаев Əбділда. Өмірбаяны // Қазақ əдебиеті: Энциклопедиялық анықтамалық. – Алматы: «Аруна, 2005. – 496-497 бетте.
Тəжібаев Əбділда. Өмірбаяны // Қазақстан жазушылары ХХ ғасыр. Анықтамалық. – Алматы: «Ана тілі» баспасы ЖШС, 2004. – 298 бетте.
Тəжібаев Əбділда. Өмірбаяны // Қазақстан жазушылары / Құраст. С.Қамшыгер, Қ.Жұмашева. – Алматы: Ан Арыс, 2009. – 379-380 б.
Тəжібаев Əбділда. Өмірбаяны // Иманғалиев С., Қыстаубаева З. Қызылорда көшелері. – Алматы,2009. – 125,170 б.
Тəжібаев Əбділда. Өмірбаяны // Советтік Қазақстан жазушылары: Био-библиогр. анықтамалық /Құраст. С.Ахметов, Д.Еркішев. – Алматы: Жазушы, 1987. – 603-604 б.
Тəжібаев Əбділда. Өмірбаяны //Сыр Елі. Қызылорда облысы: Энциклопедия. – Алматы: «Қазақ энциклопедиясы» ЖШС, 2005. – 474-
476 б.
Толағай тұлға тарлан еді: Ақын Ə.Тəжібаев туралы естеліктер / Құраст. Г.Мырзахметова. - Алматы: Білім, 2008.- 296 б. (Əдеби мемуарлар)
Хакімжанова М. Ақын ініме: Ə.Тəжібаевқа арналған өлең //Хакімжанова М. Намыс. Таңдамалы. – Алматы:Жазушы, 1978. – 217-218 б.
Шағырұлы Б. Əбілда Тəжібаевпен қоштасу: Өлең // Шағырұлы Б. Сөз сарасы. - Алматы: Дала, 2007.- 232-234 б.
Шағырұлы Б. Əбілда Тəжібаевпен қоштасу: Өлең // Шағырұлы Б. Қара шаңырақ. – Астана: Фолиант, 2009. – 71-73 б. – (Сырдария кітапханасы)

 

Баспасөздер беттеріне шыққан материалдар

Ақшолақ Е.Сырда туған сыршыл ақын: Ə.Тəжібаев туралы // Жұлдыз. – 2010. - №5. – 184-186 б.
Бердібаев Р. Əдебиетіміздің асқар тауы: Ə.Тəжібаев-100 / Р.Бердібаев // Қазақ əдебиеті.- 2009.-29 мамыр.-4 б.
Дəуітұлы С. Əбділда Тəжібаев шығармашылығындағы ежелгі əдебиет дəстүрлері / С.Дəуітұлы //Жұлдыз.- 2007.- N 9.- 182-200 б.
Дəуітұлы С. Жыр сүлейі: Ақын Ə.Тəжібаев 100 жаста / С.Дəуітұлы//Қазақ əдебиеті.- 2009. -12 маусым.-4 б.
Еңсегенұлы Т. Сырдан ұшқан сұңқар ақын: Ə.Тəжібаев-100 / Т.Еңсегенұлы. //Сыр бойы.- 2009.- 4 шілде. – 5 б.
Ергөбек Қ. Толағай ақын, толастамас жыр: Ақын Ə.Тəжібаев туралы толғаныс / Қ.Ергөбек. // Сыр бойы. - 2009. - 3, 6 қазан
Жоғарғы Советі Президиумының Указы //Қазақ əдебиеті. – 1979. – 9 февр.; СССР Жоғарғы Советінің Ведомостары. – 1979. - №6. – 8 б.
Жайлыбай З. Інілерге ізетшіл, ағаларға құрмет: Ə.Тəжібаев-100 / З.Жайлыбай. // Заң газеті. - 2010. -14 қаңтар
Жайлыбай З. Диқан ата-Ыбырай, жырдария-Əбділда: Ы.Жақаев пен Ə.Тəжібаев туралы / З.Жайлыбай. // Сыр бойы.- 2010.-6 наурыз
Құндақбайұлы Б. Ақын драматургиясы: Ə.Тəжібаев-100 / Б.Құндақбайұлы // Сыр бойы. - 2009. - 1 шілде. - 10 б.
Нұрғожаев Ж. Мұқағали –Əбділданың рухани інісі //Сыр бойы. – 2007. – 17 қараша
Оспан С. Қанынан қайсарлық тулаған ақын: Ə.Тəжібаев-100 / С.Оспан // Сыр бойы. - 2009. - 15 тамыз.- 3 б.
Сұлтанова Ж. "Майра" драмасы - маңызды шығарма: Ə.Тəжібаев-100 / Ж.Сұлтанова //Сыр бойы.- 2009.-17 қазан
Сұлтанова Ж. Мəнін жоғалтпаған "Майра" пьесасы: Ə.Тəжібаевтың драматургиясы туралы / Ж.Сұлтанова //Сыр бойы.- 2010.-13 қаңтар
Сұлтанова Ж. Сырда туған Сырдың ұлы: Ақын Ə.Тəжібаев -100 / Ж.Сұлтанова //Сыр бойы.- 2009.- 6 маусым
Сырда туған жаңа Гейне мен болам:Ə.Тəжібаев-100 //Қазақ əдебиеті. – 2009. – 20 қараша. – 4-5 б.
Шағырұлы Б. Жақынға барма, ақынға бар...: Ə.Тəжібаев - 100 / Б.Шағырұлы // Сыр бойы. - 2009.- 29 тамыз

Ә.Кекілбаев
(1939-2015)
Кекілбайұлы Әбіш 1939 жылы 6 желтоқсан күні Маңғыстау облысы, Маңғыстау ауданы (бұрыңғы Гурьев облысы), Оңды ауылының Мырзайыр деген жерінде туған. Арғы атасы Жаңайұлы Қожаназар қазақтар көшін Маңғыстауға бастап келген топтан. Белгілі білікті, беделді, дәулетті адам. Ата шаңырағын ұстап қалған ұрпағы Жаманқұл немересі Кекілбайды үйлендірген соң, 1924 жылы Оңдыда қайтыс болған. 1928-31 жылдары асыра сілтеу, тәркілеу кезінде Кекілбай ата мекеннен баз кешіп Түркменстанның Красноводск портында жүкші, Бекдаш химия кәсіпорнында біраз жыл жұмысшы болып істеп, елге 1937 жылы Баку мен Макачкала арқылы оралған соң Оңдыдағы колхозда колхозшы, Таушық кенішінде шахтер болды. 1942 жылы соғысқа алынып, майданда 3 рет жараланып, Сталинград маңында қайтыс болады.
Әбіш Кекілбайұлының анасы Айсәуле Жұмабайқызы дәулетті, ел ішінде аты шыққан бидің отбасында дүниеге келіп, тәрбиеленген. 1936 жылы әуелі Оңдыда колхозшы, Таушықта 1942-45 жылдар аралығында стахановшы шахтер, 1945-62 жылдары «Екпінді» колхозында жұмыс істеді. Әбіш Кекілбайұлы 1957 жылы Таушықтағы мектептің 1 сыныбына барып, 1948-1954 жылдары Оңды орталау, ал 1956-57 жылдары Үштағандағы орта мектепте оқиды. Әдебиетке құмарлығы мектеп қабырғасында басталады. 1957 жылы 5 мамыр «Лениншіл Жастың» белсенді ауылдық тілшісі ретінде Қазақстан Комсомолы Орталық Комитетінің мақтау қағазымен марапатталады.
1957 жылы Қазақ Мемлекеттік Университетінің филология факультетіне түседі. Университетте әдебиет бірлестігін басқарып, жас талаптар шоғырын жарыққа шығарады. Соңғы курста оқып жүріп, «Қазақ әдебиеті» газетінде қызмет атқарады. Мұнда ол сыншылық қабілетімен көзге түседі.
«Қазақ әдебиетінен» кейін 1962-65 жылдар аралығында «Лениншіл Жас» газетінде бөлім меңгерушісі болып істеді. 1965-68 жылдары ҚазССР Мәдениет министрлігінде, 1968-70 жылдары Кеңес армиясының қатарында,
1970-75 жылдары «Қазақфильм» студиясында бас редактор, 1975-84 жылдары Қазақстан КП ОК мәдениет бөлімінде нұсқаушы, сектор меңгерушісі, 1984-86 жылдары ҚазССР Мәдениет министрінің орынбасары, 1986-88 жылдары Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасының 2-ші хатшысы, 1989-90 жылдары ҚазССР тарихи және мәдени ескерткіштерді қорғау қоғамы Орталық кеңесінің төралқа төрағасы.
1990 жылы Қазақстан КП ОК бөлім меңгерушісі. 1991 жылы Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Мәдениет, тіл және ұлтаралық қатынастарды дамыту жөніндегі комитеттің төрағасы, 1992-93 жылдары «Егемен Қазақстан» газетінің бас редакторы, 1993-95 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.
1994-95 Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің төрағасы, 1996-2002 жылдары Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып істеді. 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Парламент Сенатының депутаты.
Әбіш Кекілбайұлы Қазақстан Жоғарғы Кеңесіне екі рет, Мәжілісіне бір рет баламалы негізде депутат болып сайланады. Әбіш Кекілбайұлының алғашқы өлеңдер жинағы «Алтын шуақ» 1962 жылы, «Бір шөкім бұлт» 1965 жылы жарық көрді.
Ауыл өмірінен жазылған повесть, әңгімелер жинағы «Дала балладалары» - Әбіш Кекілбайұлының кең тынысты эпик, суреткерлік болашағын танытады. 1974 жылы «Дәуірмен бетпе-бет» сын мақалалар жинағы, «Бір уыс топырақ», 1979 жылы «Тырау тырау тырналар», Маңғыстау түбегінің өткені, бүгіні, болашағы туралы «Ұйқыдағы арудың оянуы» тарихи танымдық баян, 1982 жылы «Шыңырау» повестер жинағы, 1992-93 жылдары Таңдамалы екі томдық, 1995 жылы «Заманмен сұхбат» 1998 жылы «Азаттықтың ақ таңы», публицистикалық мақалалары, толғамдары, 1999 жылы 12 томдық шығармалар жинағы жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының «Үркер» (1981), «Елең-алаң» (1984) романдары қазақ әдебиетінің үлкен табысы ретінде бағаланып, Қазақ ССР Мемлекеттік сыйлығын алды. 2001 жылы шыққан «Талайғы Тараз», 2002 жылы шыққан «Шандоз» тарихи тақырыпты ғылыми дәйекпен, дерекпен түсінікті ұғымды етіп жеткізудің жаңа бағыт-бағдарын белгілеп берді. 2009 жылы «Сыр десте» деп аталатын автордың көп жылдық ой-толғаулары, эссе, естелік, сөйлеген сөздерінің 5 томдық жинағы жарыққа шықты.
Әбіш Кекілбайұлының көптеген шығармалары ТМД халықтары мен шетел тілдеріне аударылған. Ол ҚазССР Мемлекеттік сыйлығының 1986, Қазақстан Республикасы Президентінің бейбітшілік және рухани келісім сыйлығының 1995, «Отан» орденімен 1999, Түркі елдері қауымдастығының шешімімен «Түркі дүниесіне сіңірген еңбегі үшін сыйлығын» алады. 2003 жылы «Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» орденімен марапатталды. Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, Қазақстанның Еңбек Ері (2009) көрнекті мемлекеттік, қоғам қайраткері, Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі (2009), Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің, Л. Гумилев атындағы Ұлттық Университетінің, Ақтау Атырау, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жезқазған Университетінің және ҚР Әлеуметтік ғылымдар академиясының құрметті профессоры, АҚШ-тың Кентуки штатының құрметті полковнигі, Маңғыстау, Атырау обылысындарының, сондай-ақ республикамыздың бірқатар аудандарының құрметті азаматы.
Əдебиеттер
Кекілбайұлы Ә. Шығармаларының жиырма томдық толық жинағы
/Ә.Кекілбаев. -Алматы: Жазушы,2013.-
Т.: 1- Үркер романы.-352 б.
Т.: 2- Үркер романы /жалғасы /.-312 б.
Т.: 3- Елең-алаң-320 б.
Т.: 4- Елең-алаң (жалғасы),Аңыздың ақыры. Роман-320 б.
Т.: 5 –Хикаялар.-320 б.
Т.: 6-Әңгімелер мен хикаялар.-320 б.
Т.: 7 –Шандоз. Деректі тарихи баян.-320 б.
Т.: 8- Сапарнамалар.-320 б.
Т.: 9- Өлең,толғау,драма.-388 б.
Т.:10- Көсемдер сөздер.-328 б.
Т.: 11-Әлеуметпен әңгіме-дүкен(сұхбаттар).-368 б.
Т.: 12-Мерей сөзі(көзі жоқ замандастар хақында)-376 б.
Т.: 13- Мерей сөзі(көзі жоқ замандастар хақында)-400 б.
Т.: 14- Мезгіл мінберінен (Жиындарда сөйленген сөздер)-352 б.
Т.: 15- Мақалалар мен тарихи баян.-416 б.
Т.: 16- Ғасырлар тоғысында -376 б.
Т.: 17-Әдебиет өрісі -384 б.
Т.: 18- Көңілдегі көп дидар -376 б.
Т.: 19- Аудармалар -384 б.
Т.: 20 -Аудармалар -376 б.
Кекілбайұлы Ә. Екі томдық таңдамалы шығармалар /Ә.Кекілбаев. -Алматы:
Жазушы,1989.-
Т.:1-Повестер,Роман.-408 б.
Т.: 2- Повестер, әңгімелер.-408 б.
Кекілбайұлы Ә.Он екі томдық шығармалар жинағы /Ә.Кекілбаев. -Алматы:
Өлке,2013.-
Т.:1-Әңгімелер.-400 б.
Т.: 2-Хикаялар,Мақалалар.-400 б.
Т.: 3- Аңыздың ақыры.Романы. Үркер. Романы -500 б.
Т.: 4- Үркер.Романы(жалғасы).-464 б.
Т.:5- Елең-Алаң.Роман.-416 б.
Т.:6- «Алтын шуақ»кітабынан өлеңдер мен шағын поэмалар.-464 б.
Т.: 7- Сапарнамалар.-512 б.
Т.: 8- Толғауы тоқсан тарих.Аударма.Мақалалар.-400 б.
Т.: 9-Ғасыр өтіп барады.Мақалалар.-414 б.
Т.: 10-Әдебиет әлемі,өнер өрісі.Мақалалар.-397 б.
Т.: 11-Көңілдегі көп дидар.Мақалалар.-464 б.
Т.: 12-Аудармалар.Мақала.-450 б.
Кекілбайұлы Ә. Азаттықтың ақ таңы. (Уақыт мінбесінен айтылған сөз) –Алматы:Қазақстан,1998.-717 б.
Кекілбаев Ә. Елең-алаң: Роман-Алматы: Жазушы,1984.-432 б.
Кекілбаев Ә. Заман мен сұхбат: Ой-толғамдар.-Алматы: Жазушы,1996.-
592 б.
Кекілбаев Ә. Дәуір мен бетпе-бет.-Алматы: Жазушы,1972.-184 б.
Кекілбаев Ә. Күй: Повесть.-Алматы: Өнер,1981.-88 б.
Кекілбаев Ә. Күйші: Хикаяттар./Оқыған Серік Әбілұлы –Алматы: Жазушы,2011.-Аудио кітап.
Кекілбаев Ә. Махаббат мұнарасы: Роман және хикаят.-Алматы: Раритет,
2005.-288 б.
Кекілбаев Ә. Тырау-тырау тырналар. Жапон сапарынан көрегендер мен көңілге түйгендер.-Алматы: Қазақстан,1973.-76 б.
Кекілбаев Ә. Тіл және тәуелсіздік. / Ә.Кекілбаев.-Астана: Ер-дәулет,2007.-296 б.
Кекілбаев Ә. Үркер.Роман.-Алматы: «Сөздік-Словарь»,1999.-583 б.
Кекілбаев Ә. Шыңырау. Роман және повестер.-Алматы: Жазушы,1982.-
454 б.
Ол туралы:

Айтаханов Қ. Ұлы дала ойшылы: / Қаламгер Ә.Кекілбаевтың еңбек жолдары туралы /Қ.Айтаханов // Егемен Қазақстан.-2016.-15 қаңтар(№8).-
8 б.
Әбіш Кекілбаев «Үркер»романы туралы ой // Қайырбеков Ғ. Алыста жақын жағалау.-Алматы: Білім,2006.-90 б.
Әбіш Кекілбаев: /Жазушы Ә.Кекілбаевтың «Күй», «Шыңырау»,«Бәсеке»
повестері туралы / // Сәрсенбай О. Менің мекенім / О.Сәрсенбай –Алматы: Қайнар,2002.-143.-155 б.
Бүтіннің сыры бөлшектен: /Жазушы Әбіш.Кекілбаевтың шығармашылығы туралы / // Әшімбаев С. Азаматтыққа адалдық.-Алматы: Раритет,2007.-103 б.
Жолдасбеков М. Әулие немесе Кекілбаев феномені туралы толғаныс /М.Жолдасбеков // Егемен Қазақстан.-2009.-16+ қаңтар(№12-13).-5 б.
Жұмабек С. Ой олимпіндегі ойшыл суреткер: /Халық жазушысы Ә.Кекілбаевтың шығармашылығы туралы / С.Жұмабек // Қазақ әдебиеті.-2015.-21-27 қаңтар(№3).-4 б.
Қаршадайынан танылған қыран.Көрнекті қаламгер Ә.Кекілбаев туралы бірер ой. // Қазақ әдебиеті.-2009.-3-16 шілде(№30).-1-4 б.
Қирабаев С. Суреткер: /Жазушы сенатор Ә.Кекілбаев шығармашылығы туралы / С.Қирабаев // Егемен Қазақстан.-2009.-24 шілде.-5-6 б.
Мұқанов Ж. Нұр Атада шілдеде жаңбыр сіркіреген күн : / Алаштың ардақтысына айналған Ә.Кекілбаев туралы ой-толғамы жайлы / Ж.Мұқанов // Сыр бойы.-2016.-14 қаңтар(№5).-4 б.
Повесть және кейіпкер: /Жазушы Ә.Кекілбаев туралы / // Мәмесейіт Т. Дидар.Әдеби сын. –Астана: Елорда,2005.-240-242 б.
Сағадиев К. Осы заман хакімі Әбіш еді: / Азаматтық тұлғасы Ә.Кекілбаев туралы / К.Сағадиев // Егемен Қазақстан.-2016.-15 қаңтар(№8).-8 б.
Сардар.Ділмар.Елдар. Ә.Кекілбаевтың мәдениеттанушылығы туралы ойлар. // Егемен Қазақстан.-2009.-18 тамыз.-5 б.
Сұлтанов Қ Әбекең-күрделінің күрделісі: /Қоғам қайраткері Әбіш Кекілбаев туралы /Қ.Сұлтанов . // Ақиқат.-2009.-№12.-36-40 б.

 

Пікірлер  

0 #1 Гүлдана 07.12.2019 16:56
Рахмет, ақпаратты тез және толық алдым. Жұмысымды едәуір жеңілдеттіңіз :-)
Цитировать

Пікіріңізді қалдырыңыз


Защитный код
Жаңарту

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін189
Кеше213
Осы аптада189
Осы айда1552
Барлығы91382

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн