Жан жарасын жазатын жыр тағдыры

Категория: Бір ел - бір кітап Автор: Арал кітапханасы Просмотров: 306

Абай атындағы орталық кітапханада ақын Ш.Құдайбердиевтің «Үш анық» шығармасы бойынша «Жан жарасын жазатын жыр тағдыры» атты таным сағаты өткізілді. Мақсаты: Оқырмандарға Ш. Құдайбердіұлы туралы білімдерін дамыту, ақын өлеңдерінің идеясын ашу, рухани-адамгершілік қағидаларымен таныстыра отырып, жаман мінезден аулақ болу, адами сезімді қастерлеу, сүйіспеншілік, ішкі рухани тазалыққа үйрету.
Шараға аудандық № 83, №220 мектебінің жоғары сынып оқушылары қатысты. Қатысқан жалпы оқырман саны - 28.

Шара барысында кітапханашы А.Сатыбаева XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басындағы қазақ әдебиеті тарихындағы ірі тұлғалардың бірі,Ұлы Абайдың реалистік дәстүрін жалғастырған, эпикалық жанрдың дамуына үлес қосқан ақын Ш. Құдайбердіұлының өмірі мен шығармашылығымен, “Үш анық “деп аталатын, бұл философиялық еңбегінде сөз болатын басты мәселе адам бойындағы жаман мінездері мен әдеттерді сынағанын, оның басты мақсатттарының бірі-ұрпақ тәрбиесі, ой-толғамдары «таза адам» тәрбиелеу мақсатына негізделіп, өмірдегі ащы шындықты тура, дәл суреттеу арқылы ақын халық өмірін жақсартуды ойлағанын таныстырды.Шара соңында «Ұлы гуманист, кемеңгер ойшыл, кемел ақын» атты кітап көрмесіне библиографиялық шолу жасалды.