abai_aral@mail.ru Тел.: +7 724 33 2-11-90

Ақпараттық қор

Аудан бойынша кітап қоры 596294 дана,оның ішінде мемлекеттік тілдегісі -355318 дана,ауылдық жердегі кітап қоры 374526 дана, оның мемлекеттік тілдегісі 251250 дана.
2018 жылдың 6 айында келіп түскен жалпы әдебиеттер саны 4467 дана,оның ішінде мемлекеттік тілдегісі - 4001 дана,жалпы бағасы 13962595.67 теңге.
Мемлекеттік тапсырыс 3867 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 3439 дана, жалпы бағасы 12518733,17 теңге.
Облыстық сый 10 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 10 дана , жалпы бағасы 14600 теңге.
Облыстық бюджет транспорт арқылы 459 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 421 дана, жалпы бағасы 1212000 теңге.
Облыстық бюджет 131 дана, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі 131 дана, жалпы бағасы 217262,50 теңге
РАБИС бағдарламсы бойынша 28 кітапхана,оның 22 – і ауылдық жерде 2 модульмен катализатор және тапсырыс, іздеу жұмыс атқарады.Аудан бойынша электронды каталогқа енгізілген әдебиеттер саны 394009 дана, 199860 атау,7278 библиографиялық жазба, автормен келісім-шарттар жасалынып, олардың электронды нұсқасы ҚазҰАҚ-на орналастырылған к кітаптар саны – 10 дана,бет саны – 1211,Цифрлық форматқа салынған кітаптар саны – 237 дана,бет саны 51797. 2018 жылдың 6 айында салынған кітаптар 40 кітап,бет саны 9484.Интернет пайдалаушылар саны 2191,ауылдық жер 682.

Жүйе бойынша компютерлер саны 61,оның ішінде ауылдық жердегісі 35.Интернет желісіне қосылған кітапханалар саны 18, оның ішінде ауылдық жердегісі 12. 2018 жылға жаңадан компьютер алынған жоқ. Компьютермен жабдықтқалған кітапханалар саны 30,оның ауылдық жердегісі 24.

 

Атауы

Кітапхана саны

Жалпы компьютерлер саны

Компьютермен жабдықталған  кітапханалар саны

Интернет жүйесіне қосылған кітапханалар саны

Барлығы

ауылдық жерде

Барлығы

ауылдық жерде

Барлығы

ауылдық жерде

Барлығы

ауылдық жерде

Арал

39

33

61

35

30

24

18

12

 

2018 жылдың ІІ жарты жылдығыға баспасөзге қаралған қаржы 713516,79, оған жазылған газет -журналдар жалпы саны 161 дана,қазақшасы 158 дана, оның ішінде 136 дана газет, 25 дана журнал.Барлық атауы 25 атау,қазақшасы 22 (11 атау газет,14 атау журнал),оның ішінде ауылдық жерге бөлінгені 408654,50 теңге, жазылған газет - журналдар жалпы саны 108 дана,7 атау (105 данасы газет, 4 атау, 3 данасы журнал, 3 атау )

Кадрлар

Жүйе бойынша штат саны 67,5 онда нақты еңбек ететін қызметкерлер саны 80 адам, оның ішінде 68 кітапханашы маманы,оның 39 ауылдық жерде. Жоғарғы білімді 28, оның арнаулы жоғары білімдісі 15,оның ауылдық жердегісі 13, оның ішінде кәсіби маман 5, арнаулы орта білімді 40, оның ауылдық жердегісі 25.
Төлемдік мөлшер бойынша 0,5 штат бірлікте 16 адам,оның 15 ауылдық жерде, 0,75 штат бірлікте 8 адам,оның 7-і ауылдық жерде қызмет жасайды.
2018 жылдың 6 айында 8 адам Қазақстан Республикасы Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Қызылорда облысы басқару филиалынан білім көтеру сатысынан өткен.

Материалдық –техникалық база

Материалдық – техникалық базаға қаржы қаралмаған. Арал ауданы бойынша күрделі жөндеуді қажет ететін кітапханалар саны - 8 (Аудандық орталық кітапхана,қалалық №3 кітапхана, Орталық балалар кітапханасы) оның ішінде ауылдық жерде - 5 (Мергенсай,Сазды,Бөген, Аманөткел, Шижаға) ауылдық кітапханасы.

Қаржыландыру

Жергілікті бюджеттен қаржыландыруға қаралған қаржы көлемі 61985,0 теңге,оның ішінде ауылдық жерде 28964,0 теңге.

Кітапхана мекен жайы, байланыстар

Қызылорда облысы, Арал ауданы, Ә.Сатаев көшесі № 4б

Телефон 8/724/33/ 2-11-90, 4-41-30, 2-24-96

Факс 2-44-56

Электронный почта Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Тіркелу, пайдалану ережесі

- Кітапхана қорлары Қазақстан Республикасының мемлекеттік меншігі болып табылады және мемлекет қорғауында болады.
- Кітапханалар кітап қорындағы барлық басылымдармен пайдалануды қоғамдық негізде ұйымдастырады.
- Кітапхана Қазақстан Республикасының экономикалық, әлеуметтік және рухани дамуын әрі қарай дамыту мақсатында өз кітап қорларын тиімді пайдалануды қамтамасыз етуге тиісті.
- Кітапхананы пайдалануға азаматтардың, мекемелер мен ұйымдардың, кәсіпорындардың құқы бар. Кітапхананың жалпыға бірдей қызмет етуін кітапхана бөлімдері жүзеге асырады.
- Кітапхана өңір тұрғындарына, олардың кәсіби қызметі, діни және саяси көзқарастарына қарамастан және қандай да болса меншік құқығындағы заң тұлғаларына шектеусіз қызмет көрсетеді.
- Кітапханаға жазылу үшін пайдаланушының жеке куәлігі болу керек. Пайдаланушының кітапханаға жазылу барысында кітапханашы оған арналған жеке формуляр толтырады.
- Әр пайдаланушы кітапханаға жазылу кезінде міндетті түрде кітапхананы пайдалану Ережелерімен таныстырылады. Ережелерде көрсетілген міндеттемелермен және оларды орындауға жауапкершілікпен келісетінін растап өзінің қолын қояды.
- Пайдаланушы өзінің қолын қою арқылы кітап қорының сақталуын қамтамасыз ету мақсатында кітапхана қызметіне жүгінетін тұрғындар әлеуетін зерттеуге, кітапхананың статистикалық есебін жүргізуге, мекен-жайлық қызмет көрсетуге мүмкіндік беретін пайдаланушылардың дербес деректерін өндеуге келісім береді.
- Әр жыл сайын кітапханада міндетті түрде қайта тіркеу жұмыстары жүргізіледі. Қайта тіркеу барысында пайдаланушылар өздерінің жеке куәліктерін ұсынады. Сонымен қатар, пайдаланушылар кітапхананың есеп құжаттарында көрсетілген өздері жайлы қандай да болса мәлімет: мекен-жайы ауысып, аты-жөні немесе тегі өзгерген жағдайда, ол жайлы кітапханашыларды ақпараттандыруға міндетті.
- ОКЖ қызметтері мен оның жұмыс уақыты туралы ақпаратты 2-24-96 телефоны арқылы білуге болады.

Рәміздер

Жолдау 2018

E-Gov порталы

Статистика

Бүгін197
Кеше213
Осы аптада197
Осы айда1560
Барлығы91390

Қазіргі оқырмандар саны

1
Онлайн